Президент • 16 Қараша, 2022

Алматыда 20 мыңға жуық бейнекамера орнатылады

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуі жиынында қала қауіпсіздігіне байланысты біршама ұсыныстарын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда 20 мыңға жуық бейнекамера орнатылады

 

Президент тұрғындар қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесін дамыту да маңызды жұмыс екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда Алматыда 128 мыңнан астам жеке бейнебақылау камерасы орнатылған, оның төрттен бір бөлігі ғана қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығымен біріктірілген.

Осыған орай, Қ.Тоқаев әкімдік меншік иесінің келісімімен жеке бейнебақылау жүйелерін бірыңғай диспетчерлік пунктке интеграциялау жөніндегі ережені қабылдауы керектігін айтты.

«Сондай-ақ бейнебақылаумен қамтылмаған объектілерде 20 мыңға жуық камера орнату қажет. Жиі баратын қоғамдық орындар, сондай-ақ ең көп құқық бұзушылықтар орын алатын қаланың аудандары дабыл түймелерімен жабдықталуы керек. Қаланың білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды», деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ол жерлерге қауіпсіздік камераларын, дабыл түймелерін, турникеттерді, күзет және өрт дабылдарын орнату керектігін ескертті.

«Мен бұл туралы егжей-тегжейлі айтып отырмын, өйткені бұл азаматтардың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Бұл технологияны вокзалдарда, әуежайда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде қолдану өте маңызды. Бұл жүйе 2026 жылға қарай қалада толық жұмыс істеуі керек», дейді Мемлекет басшысы.